Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Ұлытау облысында терроризмді насихаттаған тұрғын 5 жылға бас бостандығынан айырылды

egemen.kz

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды bairak.kz.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерге сүйене отырып, қала тұрғындарының санасына ықпал етуге және оларды радикалды идеологияға тартуға тырысқан.

Ұлытау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, Мемлекеттік айыптаушы сот процесінде барлық дәлелдемелерді мұқият зерттеп, айыптауды толық көлемде қолдады.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, үкім шығарды. Аталған шешім заңды күшіне енді.

Сәйкес жаңалықтар

Колумбияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

bairakkz

Мәжіліс депутаты семинар өткізді

Ришат

Зарина Дияс Франция ашық чемпионатының келесі кезеңіне өтті

Ришат