Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне келушілерге бір топ азаматтар ән мен жырдан шашу шашты. Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында 35 жастағы Байзақов Ұлан бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді. Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып, балаларға қуаныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт. Ал қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсайды.

#ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау

Сәйкес жаңалықтар

«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылған

bairakkz

Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?

bairakkz

Мукагали Макатаев сделал свой выбор

bairakkz