Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды
Бүгін, 22 мамырда Абу-Дабидегі (БАӘ) әлем чемпионатында Аруна Жангелдина (78 келі) мен Екатерина Токарева (70 келі) сынаға түсті.
Жангелдина бірінші белдесуде Ұлыбритания өкілі Эмма Рейдке есе жіберді.

Ал Токарева болса, бірінші айналымда өзбекстандық Гүльноза Матниязованы жеңіп, екінші кезеңде испаниялық Ай Цунодоға есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан командасы кезекті жарыс күнін жүлдесіз аяқтады. Біздің команда қоржынында Әбиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған қола медаль ғана бар.

Сәйкес жаңалықтар

Маңғыстау туризм колледжі: Студент саны өсіп, халықаралық серіктестік күшейді

bairakkz

Серік Жұманғарин елдегі азық-түліктің неге қымбаттағанын түсіндірді

bairakkz

Астанада құжат тапсырса 36 мың әйелге сыйақы бермек

bairakkz