Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті

Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Нора Джерута Олимпиада нормативін орындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ-та өткен USATF Los Angeles Grand Prix турнирінде қазақстандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынады.

Нәтижесінде, 9:22.45 уақыт көрсеткішімен қола жүлдегер атанды. Аталған сында Джеруто Канада және АҚШ спортшыларына ғана есе жіберген.

Осылайша, Олимпиада нормативін орындаған Нора Джеруто іріктеуден өткен екінші қазақстандық жеңіл атлет атанды.

Бұған дейін марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиада нормативін орындаған еді.

Сәйкес жаңалықтар

ҰОК «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауын өткізеді

Ришат

Израиль СІМ: БҰҰ бітімгерлеріне жасалған соққы кездейсоқ

bairakkz

Франция Майотта аралында төтенше жағдай жарияланды

bairakkz