Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Өзбекстан азаматы есірткі салынған пакетті жұтып қойды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды.

ҚМА мәліметінше, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. Бірақ күдікті оны жұтып қойған.

Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетті жұлып алып, оны жұтып қойды. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды, — делінген мәліметте.

Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.

Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

bairakkz

Выборы 2023

bairakkz

«БЕС БАЛАМ МЕН НЕМЕРЕЛЕРІМДІ АЛЫП САЙЛАУҒА КЕЛДІМ»

bairakkz

Пікір жазу