Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Астанадағы LRT-ға бір күнде 100 мыңға жуық адам мінген

Фото: Астана әкімдігі

Астанада іске қосылған LRT жүйесі алғашқы күндері жолаушылардың жоғары сұранысына ие болды. City Transportation Systems (CTS) басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтің айтуынша, жолаушылар ағыны жобалық өткізу мүмкіндігінен асып кеткен.

Оның мәліметінше, LRT іске қосылғалы бері жаңа көлік түрін 180 мың адам пайдаланған. Ал соңғы бір тәуліктің өзінде пойыздармен шамамен 100 мың жолаушы жүрген.

Бұл жобалық өткізу қабілетінен жоғары көрсеткіш. Қазіргі уақытта жолаушылар ағыны екі есе азайды, – деді Асылбек Дүйсебаев.

CTS басшысы тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Оның сөзінше, платформалар мен вагондардағы апаттық батырмаларды негізсіз басу, пойыз есіктерін өздігінен ашу немесе олардың жабылуына кедергі келтіру құрамдардың уақытша тоқтауына себеп болады.

Сонымен қатар ол LRT жүйесінің толық автоматтандырылғанын және машинистсіз жұмыс істейтінін еске салды. Сондықтан кез келген рұқсат етілмеген әрекет қауіпсіздік жүйесі тарапынан ықтимал қауіп ретінде қабылданады.

Қазіргі уақытта LRT қозғалысы штаттық режимде жалғасып жатқаны хабарланды.

Сәйкес жаңалықтар

«Түк дауысы жоқ екен»: Қазақ әншілерінің караокеде орындаған әні сынға ұшырады

bairakkz

Семейде оқушы соққыға жығылды: облыс әкімі істі жеке бақылауына алды

bairakkz

Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болғанын айтты

bairakkz