Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлеумет

Өзбекәлі Жәнібеков рухына арналған айтыстың жеңімпазы анықталды

Абай облысы, Ақсуат ауданында әр жылдары «Алтын домбыра» және «Асыл домбыра» жеңімпаздары арасында айтыс өтті.

Бұл додаға Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Қазірет Бердіхан, Аспанбек Шұғатаев, Мұрадым Мирланов пен Айбек Жеңісқазин қатысты.

Финалда «Алтын домбыраның» үш дүркін иегері Мұхтар Ниязов пен «Асыл домбыра» республикалық айтысының алғашқы жеңімпазы Қазірет Бердіхан айтысты.  Қазылар шешімімен алматылық ақын жеңіске жетті. Қазіретке автокөліктің кілті табысталды. Айта кетейік, Қазірет Бердіхан финалға дейін “Алтын домбыра” жеңімпаздары Бекарыс Шойбеков пен Аспанбек Шұғатаевты жеңді.

Ақсуаттағы айтысқа қатысып, алғашқы айналымнан сүрінгендерге ASSYLTAS қоғамдық қоры екі миллион, ал жұп жеңімпаздарына 3 миллион теңге сыйақы үлестірді.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада тағы да төрт бала тірідей жанып кетті

bairakkz

Талдықорғанда 10 млрд теңгеге онкологиялық орталық салынады

bairakkz

Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырмайтын болды

bairakkz