2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру жоспарланып отырғаны туралы ақпаратты Үкімет ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин түсініктеме берді, деп хабарлайды bairak.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, маусым айының соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі елде ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын. Алайда Үкімет бұл ақпаратты растамады.
Қазіргі уақытта ең төменгі жалақыны арттыру бойынша нақты жоспар жоқ, – деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты оның жанында отырған қаржы министрі Мәди Тәкиев те растады.
