Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға күш саламыз — әскери бөлім командирі

Кеңес одағының батыры,гвардия полковнигі, Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлім командирі, полковник Мақсат Баймағұлов  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына қатысты пікір білдірді.

 Президент 2 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан:Заң мен тәртіп,экономиялық өсім,қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын жасаған болатын.

 Ел экономикасының дамуы мен әрбір азаматтың қауіпсіздігі,олардың құқығы мен әділеттілігіне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарында көш бастауы үшін барын салуда және сол жолда бірқатар өзекті мәселелерді алға тартып, шешу жолдарын жеткізді. Жолдауда 9 салаға басымдық берілген.

1.Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігін айтты.

  1. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды.

3.Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қатежттігін жеткізді

4.Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді міндеттеді.

5.Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды мәселе екенін айтты.

  1. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек.

7 мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек деді

  1. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру туралы айтып,сол бағытта тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.
  2. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігін айтып,әскер саласына да қатысты бірқатар тапсырмалар берді.Әсіресе,

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет.

Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты деді мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында.

Мен алып шаҺарда орналасқан Кеңес одағының батыры, гвардия полковнигі,Бауыржан Момышұлы атындағы 5577 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Баймағұлов мемлекет басшысының талап етіп отырған темірдей тәртіпті сақтауға барлық күш-жігерімді саламын. Отан алдындағы борышын өтеуде әрбір Отандасымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі қашанда біз үшін басты назарда болмақ.Жолдауда сан саланы қамтыған стратегиялық жоспары сараланған,айрықша жоспар-міндеттер құрылған. Мен Әділетті Қазақстанды құруға, мемлекет басшысы тапсырған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға, ҚР IIМ Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөлімінде әскерде тиісті заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына, қауыпсіздігін айрықша назарда ұстап,табандылық етемін.

Мақсат Баймағұлов

Сәйкес жаңалықтар

Алакөлде дельтаплан суға құлап, екі адам зардап шекті

bairakkz

ЖЕҢІС АЛҒА ЖЕТЕЛЕДІ

bairakkz

Алматыда «100 өлең» республикалық көркемсөз оқу байқауы өтеді

bairakkz