Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

«Барыс» Мәскеуде жеңіске жетіп, сенсация жасады

Жеңілістен көз ашпаған Астананың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды bairak.kz.

Сырт айдында мәскеулік «Динамомен» кездескен елордалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, ҚХЛ-дің кішігірім сенсациясын жасады.

Матч алдында кімнің фаворит болғаны айтпаса да түсінікті еді. Десе де, Ғалым Мәмбетәлиев Мәскеуге тек жеңіс үшін ғана келгенін дәлелдеді. Матчтың бірінші кезеңінде командалар бірде-бір шайба соға алмаса, екі мен үшінші кезеңдерде «Барыс» шабуылшысы Бурдасов екі голдың авторы атанып, командасына сенімді жеңіс алып келді.

Енді 21 желтоқсанда «Барыс» сырт айдында Челябинск қаласының «Тракторымен» кездеседі. Астаналық команда қазір турнир кестесінің соңғы орындарының бірінде.

Фото: «Барыс» ХК

Сәйкес жаңалықтар

TAS Group жас кәсіпкерлерді қолдауға 115 миллион теңге бөлді

bairakkz

Аида Балаева: Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы

bairakkz

Қазақстандықтар 15,8 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған

bairakkz