Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Құмар ойындарды жарнамалаған 34 блогер жазаланады

видео скрин

Жыл басынан бері қазақстандық 34 блогер онлайн-ойындарды жарнамалаған, деп хабарлайды bairak.kz.

Олардың ішінде Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев, Айтмаханов Тәуіржан, Наиль Тұрғанов, Диляра Аманқосқызы, Ринат Шамшырақ, Мариям Құлжаевалар бар,

«Олардың 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 23 контент жасаушыға қатысты материалдар Мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданды. Көпшілігі заңды бір рет емес, үнемі бұзады. Мәселен, хип-хоп орындаушы «Baller» (шын аты – Шыңғысхан Көпбаев) жыл басынан бері аталған бап бойынша бес рет жауапқа тартылған. 600 мыңнан астам жазылушысы бар музыкант-блогер Ринат Шамшыраққа қатысты да онлайн-казино жарнамалағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сонымен қатар блогер «Niko_nett» пен инфлюенсер Қайсар Қамза да ерекше назарда. Соңғысы өзінің телеграм-арнасында заңсыз ойындарды үнемі насихаттап, жалған жеңімпаздардың видеоларын жариялап келеді», — деп хабарлайды ҚМА.

Осы казино жарнамасының арқасында трансгендер Наиль Тұрғанов 8 млн теңге, Нұрғазы Тоқтаров («Nakonay Qarapaiym») 15,8 млн теңге пайда тапқан. Тоқтаров осы ақшасының жартысын өзі жарнамалаған казиноға ұтылып қалыпты.

«Өкінішке қарай, бұл істе қыздар да белсенді. Мәселен, Мариям Құлжабаева («@oomariko») интернет-казинода тіркелуге шақырған қарапайым стористерін небары 350 мың теңгеге бағалаған. Ал оның құрбаны болған отбасылар миллиондаған қаржысынан айырылып жатыр. Оған қоса, Зухра Хакиева, Диана Халметова, Әсем Әубәкірова Арина Байкова, Күмісай Айымбетова және басқа да блогерлердің аты белгілі», — деп хабарлады ҚМА.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

ЯБЛОНЕЦПЕН ТЕҢ ТҮСТІ

bairakkz

«Рұқсатынсыз айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызының жігіті жайлы сөз қозғады

bairakkz

Қарағанды облысында 15 медициналық нысан салынады

bairakkz