Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шетелдегі этникалық қазақ балаларына тегін грант бөлінеді

Шетелдегі этникалық қазақ балаларына iQanat мектебінде тегін оқытуға білім гранттары бөлінеді, деп хабарлайды Bairak.kz.

Алматыда өтіп жатқан «Отандастар» бизнес-форумында кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей Қазақстандағы беделді білім беру ұйымы iQanat мектебіне шетелдегі этникалық қазақ балаларын тегін оқыту үшін білім гранттары бөлінетінін хабарлады. Бұл гранттар этникалық қазақтарға білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың елмен байланысын нығайтуға бағытталған.

iQanat мектебі ауылдық жерлердегі дарынды балаларды қолдауға және олардың сапалы білім алуына жағдай жасауға арналған бірегей жоба. Мектеп оқушылары әлемдік стандарттарға сай білім алады, түрлі пәндер бойынша терең дайындықтан өтеді және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.

Сәйкес жаңалықтар

ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

bairakkz

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ»: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ ҰЙЫМЫ

bairakkz

Қаһарман қызды еске алды

bairakkz