Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Ақтауға қоқиқаздар ерте ұшып келді

Қаракөл көліне ұшқан алғашқы қоқиқаздарды жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев видеоға түсірген.

Желі қолданушылары қызғылт қоқиқаздың қауырсындары ерекше және сұр түсті болып көрінгеніне таң қалды. Дегенмен блогердің өзі бұл сауалға жауап берген.

Қоқиқаздар неліктен сұр түсті? Бұл олардың табиғи түсі. Олар өсе келе, яғни тамақтануына байланысты қызыл немесе қызғылт болып түсі өзгереді, — деп жазды ол.

Бір қызығы, қоқиқаздар Ақтауға жылына екі рет ұшып келеді. Олар қыркүйекте ұшып келіп, қарашаның соңына дейін қалады, сонан соң наурызда қайта оралып, мамырдың соңына дейін сол маңды мекендейді.

 

Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Сәйкес жаңалықтар

Бектенов отандық тауар өндірушілерге қатысты жиын өткізді

bairakkz

Астанада IWF ұйымының допингке қарсы конференциясы өтті

Ришат

IWF шешімі күшіне енді

Ришат