Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Жетісу облысында шенеунік жұмыс істемей тұрған әжетхана үшін сотталды

Жетісу облысында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйым директоры сотталды.

«Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. Прокурорлық тексеріс объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті», — делінген хабарламада.

Сарқан ауданының прокуратурасымен соталды тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімі бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

Лайк пен донат үшін заң бұзған стримерлер жауапқа тартылды

bairakkz

Бостандыққа шыққан Алмас Кішкенбаев бар шындықты айтты

bairakkz