Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Головкин жас боксшыларға уәде берді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин 2028 жылғы Олимпиада ойындарында бокс спортын сақтап қалу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын айтып, уәде берді.

Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан U19 әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесті. Қазақстан ҰОК басшысы әлем біріншілігіне қатысып жатқан командаларға бейресми жағдайда қолдау көрсетіп, сонымен бірге жас боксшылармен естелікке суретке түсті.

Геннадий Головкин спортшыларға арналған үндеуінде 2028 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасында боксты сақтап қалуға басымдық беретінін атап өтті.

«Қазіргі таңда араларыңызда болашақ чемпиондар, Лос-Анджелестегі ойындарға қатысатын олимпиадашылар бар. Өз тарапымнан боксты Олимпиаданың жарыс бағдарламасында сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін деп уәде беремін.

Биікке ұмтылыңыздар, мақсаттарыңызға жету үшін күштеріңізді аямаңыздар. Барлығына жеңіс және әлем чемпионатында жетістікке жетуді тілеймін», — деді Геннадий Головкин.

Айта кетелік, Пуэблодағы әлем чемпионаты World Boxing аясында алғаш рет ұйымдастырылған. Оған 30 елден 180 боксшы қатысып жатыр.

Фото: Olympic.kz

Сәйкес жаңалықтар

Сайлау барысында асық ату ойындары өтті

bairakkz

Олимпиада-2024: Геннадий Головкин бокстан кезекті жарыс күнін ашты

bairakkz

Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

Ришат