Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

2026 жылдан бастап айыппұлдар мен утиль алым 10%-ға өседі

Depositphotos

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айыппұлдар мен утиль алым көлемі өседі, деп хабарлайды bairak.kz.

Үкімет әзірлеген «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына сәйкес, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) келесі жылдан бастап 4 325 теңге болады. Бұл биылғы 3 932 теңгеден 10%-ға артық.

Айыппұлдар қалай өзгереді?

АЕК өсуіне байланысты жүргізушілер төлейтін айыппұлдар да қымбаттайды. Мәселен:

  • Жылдамдықты 10–20 км/сағ асырғаны немесе

  • Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін салынатын 5 АЕК айыппұл 2026 жылдан бастап 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге көтеріледі.

Утиль алымының жаңа мөлшері

Утиль алымының базалық ставкасы да өседі. 50 АЕК енді 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге жетеді. Осыған сәйкес көліктер үшін төленетін сома:

  • 1000 см³ дейінгі қозғалтқышы бар жеңіл көлікке – 324 375 теңге,

  • 1001–2000 см³ дейінгі қозғалтқышы бар көлікке – 756 875 теңге,

  • 2001–3000 см³ дейінгі қозғалтқышы бар көлікке – 1 081 250 теңге,

  • 3 литрден жоғары көліктерге – 2 486 875 теңге.

Сақтандыру қымбаттайды

Сонымен бірге, сақтандыру полисінің бағасы да артады. Себебі базалық сақтандыру сыйақысы АЕК-ке байланысты есептеледі – 1,9 АЕК (2025 жылы 7 470,8 теңге болса, 2026 жылы шамамен 8 217 теңге болады).

Сәйкес жаңалықтар

Әнші Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды

bairakkz

Избирательные участки области Жетісу готовы к выборам

bairakkz

Мейрамбек Бесбаевтың сәбиіне Әбдіжаппар Әлқожа азан шақырып, ат қойды

bairakkz