Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Фото: Kazinform

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған белгілі банкир Жомарт Ертаев жалпы режимдегі колониядан босатылды, деп хабарлайды bairak.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде сот үкіміне сәйкес өтеп келген.

– Сот шешімінің негізінде оған рақымшылық актісі қолданылып, соған байланысты ол бостандыққа шығарылды, – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салайық, Жомарт Ертаев 2018 жылғы мамырда Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталған. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған. 2019 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадицияланды.

Тергеу дерегінше, Ертаев 2011-2017 жылдары қызметтік өкілетін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге «Bank RBK» АҚ-нан 144 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл іске барлығы 54 адам тартылып, олардың қатарында 41 топ-менеджер мен банк қызметкерлері болған.

2020 жылғы қарашада Алматы соты Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айырды. 2021 жылғы наурызда оған Алматыдағы үш банктен қаржы жымқыру ісі бойынша тағы үкім шығып, ол қылмыстық топты ұйымдастырғаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға сотталды.

 

Сәйкес жаңалықтар

Атырауда картопты үш келіден артық сатқызбай жатыр

bairakkz

Тау көтерген толағайлар: Отандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

bairakkz

Жұмысынан айырылуына байланысты 256 мыңнан астам адам МӘСҚ-дан төлем алды

bairakkz