Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Жаңа Салық кодексі: 20 жылдан асқан көліктерге салық 50% азаяды

aikyn.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ол ескі автокөліктер үшін көлік салығын төмендетуді көздейді, деп хабарлайды bairak.kz.

Енді пайдаланылғанына 11 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер 30 пайызға аз салық төлесе, 20 жылдан асқан көліктер үшін салық мөлшері 50 пайызға қысқарады. Сонымен қатар 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін Қазақстанда өндірілген немесе әкелінген көлемі 3000 текше см-ден асатын жеңіл автокөліктерге салынатын жоғары мөлшерлемелер жойылады.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елдегі автопарктің шамамен үштен екісін 10 жылдан асқан көліктер алып тұр. Атап айтқанда, барлық көліктің 43 пайызы – 20 жылдан асқан техника (шамамен 2,17 миллион), тағы 23,4 пайызы –11 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер (1,18 миллион). Демек, жаңа салықтық жеңілдіктер Қазақстандағы көліктердің 66 пайыздан астамына әсер етеді.

Экономикалық зерттеулер институты Қаржылық саясат орталығының жетекші сарапшысы Алишер  Баймағановтың айтуынша, бұл реформа елдегі көліктердің 66%-на қатысты болмақ.

Мұндай өзгерістердің тиімді және тиімсіз жақтары да бар. Бір жағынан, ол автокөлік иелерінің басым бөлігі үшін салық ауыртпалығын едәуір жеңілдетеді, сондықтан айтарлықтай әлеуметтік әсер береді. Бұл әсіресе ескі машиналарды негізгі көлік ретінде пайдаланып жүрген көпшілік үшін маңызды. Екінші жағынан, мөлшерлемелердің төмендеуі жергілікті бюджеттердің кірісін азайтады. Себебі – көлік салығы – олардың тұрақты табыс көзі, — деді сарапшы.

Қаржы министрлігінде бұл өзгерістердің басты мақсаты – әділетті салық жүйесін қалыптастыру екені атап өтілді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі 10 жылдан асқан көлікті пайдаланады. Олар үшін салықтық жүктеме қолжетімді әрі шамадан тыс ауыр болмауы тиіс. Сондықтан төмендетілген коэффициенттерді енгізу – халыққа жасалған қадам. Сонымен бірге біз жергілікті бюджеттердің табысының тұрақтылығын басқа құралдар есебінен қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейміз, — дейді ведомство өкілдері.

Осылайша, жаңа норма миллиондаған азаматтың тұрмысын жеңілдетіп, мемлекет үшін көлік иелерінің мүдделері мен өңірлік бюджеттердің табыс көзін сақтаудың теңгерімін табу міндетін алға қояды.

 

Сәйкес жаңалықтар

АЛТЫН ЖАУҒАН АЙ БОЛДЫ

bairakkz

Атырауда FlyArystan ұшағы арнайы жолақтан шығып кетті

bairakkz

Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты тың дерек жарияланды

bairakkz