Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

«Өмір бойы күресіп келдің»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы сотта ұлына қолдау көрсетті

"Ақ Жайық" басылымы

Атырау облысында Жангелдин ауылындағы төрт адамнан тұратын отбасының өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 29 мамырда сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы куә ретінде жауап берді.

Айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев ұлын сабырлы, отбасына жақын, жанжалдан аулақ жүретін адам ретінде сипаттады.

«Ол отбасын ойлайтын. Жауапты адам болды», — деді куә сотта.

Әкесінің айтуынша, ол ұлының мұндай ауыр қылмысқа баруы мүмкін екеніне сенбейді. Сонымен бірге куә соттың істің ақ-қарасын анықтайтынына үміт білдірді.

«Сот кімнің кінәлі екенін анықтап, бұл іске нүкте қояды деп үміттенемін», — деді Самиғолла Сәрсемәлиев.

Сотта айыпталушының анасы Гүлнар Азмұханова да куә ретінде шақырылды. Ол сот сұрақтарына жауап беруден бас тартқандықтан, судья оның тергеу кезінде берген жауабын оқып берді. Әйел бұл жауаптарын толық растады.

Сот залынан шығар алдында Гүлнар Азмұханова ұлына сөз айтуға рұқсат сұрады. Ол Сұлтанға балалары үшін әке болып қала беретінін айтты.

«Сен бұл өмірдің қуанышын көрмедің. Өмір бойы күресіп келдің. Мықты бол. Өмір үшін күрес. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын», — деді анасы.

Айта кетейік, Атырауда төрт адамнан тұратын отбасының өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Сотталушы орындығында марқұм отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Владислав Челах шартты түрде босап шығуы мүмкін — адвокат

bairakkz

«В» тобындағы айқас, сұрмергендер көшін бастады

bairakkz

Қанша адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz