Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 238 млн теңге ақша ұрлаған

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудіі аяқтады.

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.

Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды.

Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

24.10.2024ж. сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сәйкес жаңалықтар

Қызылжарда қар жауып, боран соқты

bairakkz

Шымкентте көшеде іш киіммен жарнамаға түскен қыз қамауға алынды

bairakkz

Депутаттар Балқаш көліне апаратын жолдың жаңғырту жұмыстарымен танысты

bairakkz