Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

LAYS чипстеріне арналған картоп Алматы облысында өсіріледі

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Райымбек ауданының аңғарында енді LAYS чипстерін өндіруге арналған арнайы картоп өсірілмек. Бұл жұмыспен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын өңірдегі аграрлық саланың дамуына жаңа серпін беріп отыр, деп хабарлайды bairak.kz.

Бүгінде серіктестік 150 гектар алқапқа картоп егіп, суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясын қолдануда. Сонымен қатар, Қарой жазығында 1500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген.

Кәсіпорында 20-дан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Егіс науқаны кезінде жұмыс орындарының саны арта түседі.

Маңызды жетістіктердің бірі — халықаралық PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, чипске арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізу. Бұл тұқымдар шетелден жеткізіліп, Райымбек ауданының аңғарында өсіріледі. Өнім сапасы білікті агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.

Картоп пен дәнді дақылдарды өңдеуге арналған заманауи 20-ға жуық техника іске қосылған. Өнім Алматы облысы мен Алматы қаласына жеткізіледі, ал арнайы тұқымнан алынған картоп PEPSICO компаниясына жөнелтіледі.

Жалпы, Райымбек ауданында биыл 13 200 гектар жерге дәнді дақылдар, 2 500 гектарға картоп егу жоспарланған.

Бұл – өңір ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық нарыққа шығуға бағытталған нақты қадам.

Сәйкес жаңалықтар

AFC ПРОМОУТЕРЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТУРНИР ӨТКІЗУДЕГІ БАСТЫ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ

Ришат

Бүгін ел тарихында елеулі күн!

bairakkz

Қазақтың лирик ақынының аттасы Мұқағали Мақатаев та өз таңдауын жасады

bairakkz