Ақтауда есірткі саудасын жарнамалап жүргендер қолға түсті.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарға есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.
«Бірлескен жұмыстар нәтижесінде синтетикалық есірткілерді заңсыз жарнамалау фактісінің жолы кесіліп, Ақтау қаласының үш адамнан тұратын топ ұсталды.
Ұсталғандардан «МЕФ, СК, DUNE24CC,VPN» жазулары бар трафарет, фломастер,балта, бита, 20-дана сырлауға арналған баллончиктер, 83 дана жарнама парақшалары, QR-код жазылған буклеттер және т.б. заттар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленіп алынды.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарымен сотқадейінгі тергеп-тексеру басталды», — делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.