Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстандағы кейбір жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібі өзгереді

Gov

Қазақстанда кейбір жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібіне өзгеріс енгізіледі.

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, қазіргі таңда жоғары оқу орындарының дарынды талапкерлерді өз бетінше іріктеу мүмкіндіктері шектеулі. Оның сөзінше, бұл мәселе әсіресе адами капиталды дамытудың негізгі қозғаушы күші саналатын педагогикалық жоғары оқу орындары үшін өзекті.

«Педагогикалық жоғары оқу орындарына талапкерлерді іріктеу кезінде тестілеу жүйесі мен арнайы емтихандарды қатар қолданатын гибридті бағалау формасын енгізу. Бұл ретте негізгі назар тек пәндік білімге ғана емес, ойлау қабілетіне, талдау дағдыларына, оқуға дайындық деңгейіне және басқа да маңызды көрсеткіштерге аударылуы тиіс», – деді Аида Балаева.

Министрдің мәлімдеуінше, бұл өзгерістер келесі жылдан бастап күшіне енеді.

«Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандардың нәтижелері де ескеріледі. Бұл емтихандарда талапкерлердің сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдылары негізгі критерий болады. Сондай-ақ бұл мәселеде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан жаңа Admissions Insight Test тапсырмаларына ерекше мән беріледі», – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу тек бір рет өткізілетіні туралы хабарланған еді. Аида Балаева бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейтінін айтқан.

Сәйкес жаңалықтар

Ашхабад-2017: Әсем Садықова — Азия ойындарының жеңімпазы

Ришат

Таза Қазақстан: «Жасыл Ел» жастары 18 қап қоқыс жинап, табиғатты қорғауға үн қосты

bairakkz

Шерлі Шәміл

Ришат