Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен спорттық, жауынгерлік самбо және самбодан зағиптар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.
Соңғы күні қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола жеңіп алды.
- Алтын — Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо, +80 кг);
- Күміс — Талғат Жиентаев (жауынгерлік самбо, +98 кг);
- Күміс — Бақытжан Дүйсембеков (жауынгерлік самбо, 79 кг);
- Күміс — Серікбай Негмет (спорттық самбо, 71 кг);
- Қола — Қымбат Ахмет (жауынгерлік самбо, 50 кг);
- Қола — Асқар Қайыров (зағиптарға арналған санат, 98 кг).
Жалпы қорытынды есепте медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.
- 1-орын. Бейтарап ел (FIAS-1) — 16 алтын, бес күміс, бес қола
- 2-орын. Қазақстан — үш алтын, бес күміс, тоғыз қола
- 3-орын. Бейтарап ел (FIAS-2) — үш алтын, екі күміс, төрт қола
Бұған дейін біздің спортшылар 2014 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында жалпы есепте осындай жоғары екінші орынға ие болған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы