Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

2027 жылы АЕК өседі: айыппұлдар мен жәрдемақылар қалай өзгереді?

Фото: ЖИ көмегімен дайындалды

Қазақстанда 2027 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерін 4 693 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Қазір, 2026 жылы, АЕК 4 325 теңгені құрайды. Осылайша, көрсеткіш 368 теңгеге немесе шамамен 8,5%-ға өседі.

Қаржы министрлігі жариялаған 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында келесі негізгі әлеуметтік көрсеткіштер қарастырылған:

  • АЕК – 4 693 теңге;
  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 55 173 теңге.

Ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалмақ. Ал ең төменгі зейнетақы 2026 жылғы 69 049 теңгеден 74 919 теңгеге, күнкөріс минимумы 50 851 теңгеден 55 173 теңгеге дейін көтеріледі.

АЕК өскенде не өзгереді?

АЕК Қазақстанда көптеген төлемдер мен есептеулердің негізі ретінде қолданылады. Сондықтан оның өсуі айыппұлдардың, мемлекеттік баждардың, алымдардың және АЕК-пен есептелетін кейбір салықтардың теңгемен көрсетілген сомасын арттырады.

Сонымен бірге АЕК мөлшеріне байланыстырылған бірқатар жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдар да өседі.

Мысалы, ұсынылған 4 693 теңгелік АЕК қабылданса:

5 АЕК – 23 465 теңге
10 АЕК – 46 930 теңге
20 АЕК – 93 860 теңге
50 АЕК – 234 650 теңге
100 АЕК – 469 300 теңге

Әзірге бұл көрсеткіштер бюджет жобасында ұсынылған мөлшерлер екенін ескерген жөн. 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы алдымен қаралып, қабылданғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келіні туралы айтты

bairakkz

Шахтадағы апат: бірқатар басшыға сот үкімі шықты

bairakkz

«Болат Тұрлыханов кубогы» турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтті

Ришат