Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Астанада LRT желісі қашан қосылатыны белгілі болды

City Transportation Systems

Астанада көптен күткен жеңіл рельсті көлік жүйесі – LRT жақын күндері іске қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, алғашқы жолаушылар LRT қызметін осы аптадан бастап пайдалана алады. Жүйенің нақты қашан іске қосылатыны бүгін өтетін брифинг барысында жарияланбақ.

Қазіргі уақытта елордада пойыздарды соңғы сынақтан өткізу, қауіпсіздік жүйелерін тексеру және инфрақұрылымды толық баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

LRT желісін тестілеу 2025 жылғы 29 қыркүйекте басталған. Бұған дейін CTS пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 40–50 шақырым болатынын хабарлаған еді. Ал «Нұрлы жол» вокзалынан халықаралық әуежайға дейінгі жол шамамен 40 минутқа созылады.

Сондай-ақ қозғалыс аралығы бағыттың жүктемесіне қарай 5–10 минут шамасында болады деп жоспарланған.

Айта кетейік, LRT желісі Астананың негізгі нысандарын байланыстырады. Бағыт халықаралық әуежайдан басталып, «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін жалғасады. Жол бойында қаланың іскерлік және тұрғын аудандарын қамтитын 18 станция орналасқан.

Сәйкес жаңалықтар

«Болат Тұрлыханов кубогы» турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтті

Ришат

Министрлер мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелерін талқылады

bairakkz

Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті

bairakkz