Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады

Фото: istockphoto.com

2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда төрт мемлекеттік мереке бар. Осыған байланысты бұл айда демалыс күндерінің саны артады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні жұмаға сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 1, 2 және 3 мамыр (жұма, сенбі, жексенбі).

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбіге түседі. Бұл күн ресми демалыс болып саналады.

9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылып, қазақстандықтар 9, 10 және 11 мамыр күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) қатарынан үш күн демалады.

Қосымша демалыс күні 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне орай беріледі. 2026 жылы бұл мереке сәрсенбі күніне сәйкес келеді.

Осылайша, 2026 жылдың мамыр айында бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін 14 күн, ал алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін 12 күн демалыс болады.

 

Сәйкес жаңалықтар

Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады

bairakkz

«Шаңғы жарысы»: ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ БАРАДЫ

bairakkz

Сарқан ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері ең бірінші болып дауыс берді

bairakkz