Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Көкшетаудағы қайғылы оқиға: автотұрақтағы өлімнен кейін екі адамға іс қозғалды

скриншот

Көкшетауда автотұрақта болған адам өлімінен кейін екі қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 52 жастағы әйелді көлік қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу көлікті басқарған әйелге қатысты жүргізіліп жатыр. Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, ол жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкелген.

Тексеру барысында күдіктінің жүргізуші куәлігі болмағаны және көлік жүргізуді ресми түрде оқымағаны анықталған.

Сонымен қатар қылмыстық іс көлік иесіне – күдіктінің жұбайына қатысты да қозғалды. Тергеу мәліметінше, ол көлік жүргізуге құқығы жоқ адамға рөлге отыруға мүмкіндік берген. Заңнамада мұндай әрекет үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.

11 мамырда Көкшетаудың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сәйкес жаңалықтар

Мұстафа Өзтүріктің қызы жаңа құпиясымен бөлісті

bairakkz

Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

bairakkz

Road to Abu Dhabi: Астанада 2025 жылғы «Болашақ ойындарына» іріктеу басталды

bairakkz