Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Мұстафа Өзтүріктің қызы жаңа құпиясымен бөлісті

Коллаж Bairak.kz

Мұстафа Өзтүріктің қызы Несихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің көпшілік бұрын көрмеген фотосын жариялады.

Несиханның айтуынша, соңғы күндері аталған суретті оған көптеген адам жолдаған. Фото 1986 жылы Германияда түсірілген. Сол кезде оның небәрі екі жаста болғаны айтылды.

Фото: instagram.com/neslihan_ozturk_mustafakyzy/

«Кеше бері бұл суретті маған көп адам жіберді. Бұл – 1986 жылы Германияда түсірілген әдемі естелік. Сол кезде мен небәрі 2 жаста едім. Дәлелхан аға және менің әкем. Осы керемет суретті маған жіберген әрбір жанға алғысым шексіз», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Мұстафа Өзтүрік – түркі әлеміне танымал тхэквондо шебері әрі Қазақстандағы осы спорт түрінің негізін қалаушылардың бірі. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келген. Жастайынан шығыс жекпе-жегіне қызығып, Кореяда білім алған.

Кейін Қазақстанға келіп, тхэквондо өнерін дамытуға үлкен үлес қосты. Спорт шебері көптеген шәкірт тәрбиелеп, қазақ жастарының рухани және физикалық дамуына ықпал етті.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыдағы сұмдық: самокатшы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

bairakkz

Міне, осынау жауапты кезеңге келіп жеттік.

bairakkz

Америкалықтар 20 жыл бұрын асырап алған бес қазақ қызы елге келді

bairakkz