Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

Бұл мәлімдеме Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) промоутері Фрэнк Уорреннің Жәнібекпен жекпе-жек өткізуге байланысты саудадан бас тартқанынан кейін жасалды.

«Карлос Адамес, маған келісімшарт жібер. Мен оған дәл қазір қол қоямын», – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін Адамес командасы Жәнібекке келісімшарт жібергенін, бірақ жауап ала алмағанын мәлімдеген болатын. Ал Әлімханұлы бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық басымдықтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

bairakkz

ДИНАСТИЯ УЧИТЕЛЕЙ СДЕЛАЛА СВОЙ ВЫБОР

bairakkz

ҚОС ҚОЛА

bairakkz