Сербия президенті Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі туралы жазып, әріптесінен алған бір сандық алманың фотосын жариялады.
Айта кетейік, мемлекет басшысы жуырда Сербияға ресми сапармен барған болатын.
Вучич әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне түскі ас форматында достық кездесу өткені туралы жазды. Мемлекет басшысы сербиялық әріптесін Алматының әйгілі апортын сыйға тартқан.
«Президент Тоқаевқа құрмет пен сенім үшін рахмет айтамын, бұл сапар Сербия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін», — деп жазды Александр Вучич.