Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

«Челси» 16 жастағы қазақ футболшысына көз тікті

Қазақстан жастар құрамасының (U19) және «Қайрат» клубының ойыншысы қазір Дастан Сәтпаев Лондонда жүр. Ол Instagram желісіндегі Stories-ке әйгілі Биг-Бэн сағатының фотосын жариялап, өзінің Лондонда жүргенін растады.

Лондондағы «Челси» клубының академиясына аттанды. Алматы футболының түлегі сынақтан өтеді. Содан кейін оның «Челси» академиясында қалу-қалмауы шешіледі.

Дастан Сәтпаев өткен маусымда QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанып, кәсіби деңгейде «Қайрат» негізгі құрамында дебют жасады. Ол футболдан Қазақстан кубогы аясында «Ақжайық» командасына қарсы ойында (9:0) негізгі команда сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол «Қайрат-Жастар» командасы құрамында Бірінші лигада бес матч өткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Айдар Шәрібаевты Алматы әуежайынан күтіп алды(фото)

Ришат

Жүлдемен оралды

bairakkz

198,5 мың адам МӘСҚ-тен жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz