Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Еркебұлан Тоқтар қарсыласын 47 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен Nomad Fighting 11 турнирінде ресейлік поп-ММА жұлдызы Фарид Ядуллаевты нокаутқа түсірді.

Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, әр раунд екі минуттан тұрды. Алайда қазақстандық спортшыға қарсыласын нокаутқа жіберу үшін небәрі 47 секунд жеткілікті болды.

Айта кетейік, отандасымыз 2023 жылы болған жеңіліс үшін Ядуллаевтан реванш алды. Сол кезде де қос спортшы жалаңқол жекпе-жек ережелері бойынша күш сынасқан болатын.

Еркебұлан Тоқтар ММА-де тоғыз рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Соңғы рет ол 2 қарашада DFC — Dala Fighting Championship турнирінде октагонға шығып, мысырлық Хайтам Эль Саедті техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан тіс емдету мүмкіндігінен айырылуы ықтимал

bairakkz

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаражат жымқырылған

bairakkz

Университет түлектерінің үштен бірі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді

bairakkz