Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Ауғанстанда жауған қар мен аяз салдарынан 3 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясында қалың жауған қар мен аяз үш адамның өмірін қиды, деп жазады Синьхуа.

Бұл туралы сенбі күні облыстың ақпарат және мәдениет департаментінің директоры Хекматулла Мохаммади мәлімдеді.

Оның айтуынша, жұма күні күндіз Рағыстан ауданындағы Навабад ауылында қайғылы оқиға болған: үш бала басқа ауылға кетіп бара жатып, қалың қар мен суықтың салдарынан жолда қайтыс болған.

Сондай-ақ, қалың қар мен аяз кей жерлерде көлік кептелісіне әкелді, соның ішінде Кабулды солтүстіктегі тоғыз провинциямен және Орталық Азия елдерімен байланыстыратын маңызды жол болып табылатын Саланг асуы да бар.

Бадахшанда жыл сайын қатты аяз болып, қар жауады, бұл халық үшін күрделі мәселелер туғызады.

Фото: ©AFP 2024 / WAKIL KOHSAR

Сәйкес жаңалықтар

Трендтегі “Шайн мускат“ жүзіміне қатысты тексеріс нәтижесі белгілі болды

bairakkz

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

bairakkz

Талдықорғанда ММА спортынан Қазақстан кубогы өтуде

bairakkz