Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Дариға Бадықова: Менің фильмім тұрғанда «Моанаға» баратын қазақтарды түсінбеймін

Актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова жақында төл туындысының екінші бөлімін жарыққа шығарды. Ол осы ретте фильміне бармай жатқан отандастарына ренішін білдірді.

«Моанаға» барып «позор» болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада Моанаға барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ, — дейді Дариға Бадықова.

Айта кетейік, Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені-2» фильмімен қатар Голливудтың «Моана» мультфильмінің де екінші бөлімі көрерменге жол тартты. Қос туындының тұсаукесері қатар келуіне байланысты ол журналистерге де пікір білдірген еді.

Кавказ халқын алсақ, олар өздерінің шығарған дүниесіне барады. Түріктер де өздерін қолдайды. Енді біз қазақтардың сыналатын уақытына келіп тұрмыз. Себебі осы жолы Голливуд пен Қазақстанның текетіресі болады. Біздің аудитория, көрермендер үлкен қаржыны көтере алатын деңгейде ғой. Сондықтан да, бір Құдай біледі. Мен Құдай емеспін ғой. Ештеңені былай болады деп алдын ала болжап айта алмаймын. Бір миллиард жинаймын, екі миллиард жинаймын деп айта алмаймын. Құдай абырой берсін. Әрине, қорқыныш бар. Бұл менталды комедия. Әр отбасында болып жатқан жағдайды картиналадық. Өзімнің арманым – осы. Ұшақ ұшырып, парашют құлатқым келмейді. Қазақтың менталды комедияларын түсіргім келеді, — дейді продюсер.

Сәйкес жаңалықтар

«Шаңырақ» ҚБ басшысы 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

bairakkz

Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

Ришат

В Жетысу голосуют ветераны ВОВ

bairakkz