Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАРЫСТЫ

Облыстық кәсіподақ орталығы, «Senim» денсаулық сақтау  республикалық қоғамдық бірлестігінің  облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина саласы қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтап, жастарға үлгі ету. Ерлер арасындағы турнирге облыстық аурухана,  туберкулезге қарсы диспансер,  онкологиялық диспансер, кардиологиялық орталық, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы, «Жедел-жәрдем» стансысы, қалалық емхана мен №2 емхана,  Ескелді аудандық орталық ауруханасы, Қаратал аудандық орталық ауруханасы, сот медициналық сараптама орталығы, Талдықорған медициналық колледжінің командалары қатысып, өзара бақ сынады.

Талдықорған медициналық колледжінде өткен екі күндік жарыста 1-орынды Талдықорған қалалық №2 емханасы, 2-орынды Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы, 3-орынды Қаратал аудандық орталық ауруханасы иеленді.

Сонымен қатар, А. Нұржанов «Үздік  ұйымдастырушы»,         І. Жұманов «Үздік қорғаушы», Т. Өтемұратов «Үздік ойыншы»,     А. Медеуханов пен Ш. Хабибулаев «Үздік шабуылдаушы»,           М. Әзімханов «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Қорғасты Назарбаевтар отбасынан «тазалау» жүріп жатыр – Бейбіт Исабаев

bairakkz

ҚАТАРЫНАН ЕКІ ІРІ ЖЕҢІЛІС

bairakkz

Тоқаев Путин шақырған Мәскеудегі Жеңіс шеруіне барады

bairakkz