Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Жамбыл облысы әкімі Астанаға келгенде басқарма басшысы тамырын кесті

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев баспасөз мәжілісін өткізіп жатыр. Дәл сол уақытта Қордай ауданында ветеринария басқармасының басшысы кабинетінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды  bairak.kz.

HALYQSTAN арнасының жазуынша, Қордай ауданында ветеринария басқармасының басшысы Ғалым Сабыралы өз кабинетінде сол қолының тамырларын кескен. Бірақ аман қалған. Қазір оны жедел жәрдеммен орталық облыстық ауруханаға жеткізген.

Жергілік журналист Маржан Ракай өз әлеуметтік желідегі парақшасында былай пікір білдірді:

Мемлекеттік қызметші өзіне қол жұмсайтындай қыспақ көрсету деген

Ауылды жерде адал еңбек етіп жүрген жігітті мұндай жағдайға жеткізу үшін қандай оңбағандық керек, Құдай-ау, Бұл жігітті өзім жеке танимын. Адалдығына, тазалығына, еңбекқорлығына сенем. Бұрыннан өз саласында жан аямай еңбек етіп жүр. Ал енді Жамбылдың ауыл шаруашылығы, ветеринария саласына жаңа басшылар тағайындалады да, құқай басталады. Бәлкім, бұл жігіттің орны керек болған шығар. Бірақ бұлай күйдіруге болмас!Өзінің адал қызметшісін аямайтын билік, халықты қайтіп аясын.Менің сөзім жоқ. Ербол Қарашөкеев бұл қалай болғаны? Айналып келгенде, ашынған азаматтың өзін кінәлі етіп шығарсаңыздар да таң қалмайтын шығармыз. Бірақ қоғам ондайға жол бермес! Соңына дейін бақылауда болады, — дейді журналист.

 

Сәйкес жаңалықтар

Сайлаушыларға арнап концерт ұйымдастыруда

bairakkz

Жетісу облысында үш бірдей әлеуметтік маңызды нысан іске қосылды

bairakkz

Баян Алагөзова екі қызын суррогат ана арқылы туғанын айтты

bairakkz