Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионы атанды

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан алғашқы алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды bairak.kz.

54 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан мансабында алғаш рет Азия чемпионы атанды. Ол финалда өзбек боксшысы Шахзод Музафаров айызын қандырып тұрып жеңді. Отандасымыздың бірнеше соққысы қарсыласына дәл тиіп, күмәнсіз жеңіске жетті.

Махмұд бұған дейін 2022 жылы Азия чемпионатының финалында ұтылған.

Еске салсақ, осының алдында Санжар Тәшкенбай финалда өзбек боксшысы Шодиёржон Меликузиевке есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азамат айыппұл салынды

bairakkz

«ОЛИМПИАДА — 2020»: БІР ҒАНА МЕКТЕП БЕС ЖОЛДАМА ИЕЛЕНДІ

bairakkz

Астанадағы стадион құрылысына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

bairakkz