Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Мұнайдың ортасындағы Маңғыстауға казино салынады

Маңғыстау облысында тек шетелдік азаматтарға арналған казино салынбақ, деп хабарлайды  bairak.kz.

Бірақ бұл дискриминация емес пе деген сұраққа өңір басшысы жауап берді.

 

Мұндай тәжірибе бар. Шынын айтсақ, жалақыңызды алып, казиноға барып, бәрін ұтылып қалсаңыз, әрине, кейін өкініш басталады. Бұл кімге бұл керек, айтыңызшы? Әдетте, ұтылғаннан кейін адам ашуланады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Әзірге инвестор табылмаған, ал казиноның аты да таңдалмапты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов Бозжыра шатқалының аумағындағы инфрақұрылымды дамыту туралы айтқан. Ол туристік жобалардың құрылысын қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар әкім брифинг барысында Бозжыра мен Айрақтыда қонақ үйлердің құрылысы жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл нысандар Маңғыстау облысының туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

Шавкат Рахмонов АҚШ-қа аттанды

bairakkz

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық диалогты тереңдетуге ниетті

bairakkz

Бақтияр Артаев Қызылордадағы лауазымды қызметке ұсынылды

bairakkz