Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

            Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.  Додалы жарысқа еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 400-ден астам дзюдошы қатысып жатыр.

Жауырынын жерге тигізгісі келмеген балуандардың сайысы тартысты басталды. Өйткені дүбірлі додадан жеңімпаз атанған спортшылардан 2019 жылғы Қазақстан Ұлттық құрама командасы жасақталады. Білек күші мен әбжіл әдіс арқылы қарсыластарын қоғадай жапырған дзюдошылардың алғашқы жеңімпаздары да анықталды. Жарыс қорытындысы төмендегідей:

Ерлер

 

60 келі

  1. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
  2. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
  3. Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)
  4. Нұр Аманшүкіров (Жамбыл облысы)

 

66 келі

  1. Әбілхайыр Мәуленин (Алматы облысы)
  2. Шадияр Қуандық (Түркістан облысы)
  3. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)
  4. Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

 

73 келі

  1. Серік Ақылбек (Қызылорда облысы)
  2. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)
  3. Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)
  4. Жанболат Бағтбергенов (Ақтөбе облысы)

 

81 келі

  1. Саламат Жұрқабаев (Қызылорда облысы)
  2. Руслан Мусаев (Маңғыстау облысы)
  3. Қажымұқан Өтеулиев (Алматы)
  4. Айдын Дартаев (Қарағанды облысы)

 

Әйелдер

48келі

1.Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

2.Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

  1. Ұлдана Сайыл (Шымкент қаласы)
  2. Cалтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)

 

52 келі

  1. Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)
  2. Ақжол Қайыпхан (Атырау облысы)
  3. Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)
  4. Айдана Бугылбаева (ШҚО)

 

57 келі

  1. Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)
  2. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)
  3. Гульназт Нұрдинова (Алматы облысы)
  4. Аида Карчаева (Жамбыл облысы)

 

63 келі

  1. Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)
  2. Назгүл Құбашева (Атырау облысы)
  3. Алтынай Хаби (Астана қаласы)
  4. Иоланта Бердибекова (Алматы қаласы)

 

70 келі

  1. Аэлита Щербакова (Алматы облысы)
  2. Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)
  3. Зере Бектасқызы (ШҚО)
  4. Екатерина Токорева (Қарағанды облысы)

ФОТО : ЛАДА.КЗ САЙТЫНАН

Сәйкес жаңалықтар

Әлемдегі ең үздік 6 конькишінің қатарына енген Ораз Қаңлыбаев туралы не білеміз?

bairakkz

Еркежан Сабырбайқызы: «Қазіргі бессайыс қазаққа жат емес»

Ришат

Қазақстанда полиция қызметтің күшейтілген нұсқасына ауысты

bairakkz

Пікір жазу