Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Астанада 200 мыңға жуық оқушы жазғы лагермен қамтылды

Елорда әкімдігінің ресми сайты

Астанада балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Үш айға созылатын жазғы маусымның екінші айы аяқталуға жақын. Осы уақыт аралығында елордада 200 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьлермен қамтылды, деп хабарлайды bairak.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балалар демалысының сапасын арттыру мақсатында қала бойынша әртүрлі бағыттағы лагерьлер ұйымдастырылды. Олар:
• 92 мектеп жанындағы лагерь;
• 192 бейінді лагерь;
• 10 тақырыптық жоба аясындағы лагерь;
• 13 қосымша білім беру ұйымы базасындағы күндізгі лагерьлер.

Қазіргі таңда үшінші ауысым өз жұмысын бастады. Бұл кезеңде де балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық қабілетін дамытуына, жаңа достар табуына және денсаулықтарын нығайтуына бағытталған танымдық, спорттық және мәдени шаралар кең көлемде ұйымдастырылуда.

Биылғы жазғы маусымның айрықша жаңалығы – Ақмола облысы, Ақкөл ауданында орналасқан «Барап» балалар спорттық-сауықтыру орталығының ашылуы. Орталық жаз бойы 1 400-ден астам бала қабылдап, олардың белсенді демалысына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 4 мыңнан астам оқушы қала сыртындағы өзге де сауықтыру лагерьлерінде тынығып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, балаларға толыққанды демалыс жағдайлары жасалған.

Сәйкес жаңалықтар

«Жағдайы ауыр». Мұхтар Шахановтың келіні үндеу жасады

bairakkz

Хасан Қасымбаевты қамау мерзімі ұзартылды

bairakkz

«Жаңа адамдар келуі керек»: Мәулен Әшімбаев жаңа Құрылтай туралы айтты

bairakkz