Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Мекке мен Мәдинаны топан су басты

Сауд Арабиясының Мекке және Медина қалаларында қатты нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Mash ақпараттық  агенттігінің хабарлауынша, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларының көшелерін су басып қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін жолдар «көлге» айналып, көліктерді су шайып кеткен.

Сауд Арабиясының метеорологиялық басқармасы Мекке, Медина және портты Жидда қалалары үшін қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Су әдетте құрғақ және тасты жерлерден ағып өтіп, қалалар мен ауылдарды су басқан.

Бұған дейін Сицзанда (ҚХР Тибет автономиялық округі) жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шигацзе қаласының Динжи (Тингри) уезінде тіркелді. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 100-ге жуықтағаны белгілі болды. Дүмпу Непал мен Үндістанда да сезілді.

Фото: GettyImagеs

Сәйкес жаңалықтар

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

bairakkz

Арман Жұмагелдиевтің адвокаты қазақстандықтарға үндеу жасады

bairakkz

Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 млн теңгеге сатылды

bairakkz