Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 млн теңгеге сатылды

sauda.e-qazyna.kz

Тергеу барысында тәркіленіп, мемлекет меншігіне берілген самурай қылышы электронды аукцион арқылы сатылды. Лот 29 сәуірде өткен сауда барысында 1,5 миллион теңгеге өтті.

Аукционға қойылған бұйым «қайтарылған активтерді басқару» жүйесі арқылы саудаға шығарылған. Сипаттамаға сәйкес, қылыш қынабымен бірге ұсынылған: жүзі болаттан жасалған, бойында терең емес ойығы бар, қынабы қара түсті материалдан, ал сабы сұр металдан жасалып, геометриялық өрнектермен безендірілген.

Сауда «бағаны көтеру аукционы» форматында өткен. Қатысушылар белгіленген қадам бойынша бағаны біртіндеп арттырып отырған, ең жоғары баға ұсынған сатып алушы жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, бұл лот бұған дейін де бірнеше рет саудаға шығарылған. 2025 жылдың қарашасында қылыш 542 719 теңгеге сатылғанымен, жеңімпаз төлем жасамағандықтан мәміле күшін жойған. Ал 2026 жылдың ақпанында ол 3,4 млн теңгеден астам сомаға сатылғаны хабарланғанымен, бұл келісім де жүзеге аспаған.

Жаңа аукцион нәтижесінде қылыштың нақты сатылған бағасы 1,5 миллион теңге болды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте тағы екі тұрғын алабы табиғи газға қосылды

bairakkz

Байден Трамппен Украина мен Таяу Шығыстағы жағдай туралы сөйлеседі

bairakkz

Қуаңшылық кезде Батысқа шөп жіберіп көмектескен Құрмет Талапқазы ел берген үйді сатып жіберген

bairakkz