Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық фристайлшылар әлем чемпионатында тағы бір жүлде иеленді

Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Аралас командалық жарыста Юлия Феклистова мен Денис Раструба күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық фристайлшылар финалда АҚШ-тың екінші командасына жол беріп алды.

Қола жүлдені АҚШ-тың үшінші командасы иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Городко алтын мен күміс жеңіп алған еді.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

Маңғыстауда екі тоннаға жуық бекіре балығы тәркіленді

bairakkz

Ақтөбеде 11 адам қар құрсауында қалып қойған

bairakkz

Қазақстандағы алғашқы АЭС қандай болады

bairakkz