Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС қандай болады

baq.kz

Алматы облысындағы Үлкен ауылының жанында жақын арада Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылыс жұмыстарының басталу рәсімі өтеді. Алаңда қазірдің өзінде арнайы техника тұр, деп хабарлайды bairak.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға ҚР Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев, “Росатом” мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв және басқа да ресми тұлғалар қатысады деп күтіліп отыр.

Бүгін мұнда топырақ алу үшін бұрғылау жұмыстары да басталып, алынған үлгілер капсулаға салынып, зерттеу жүргізу үшін Ресей тарапына беріледі.

ҚР Атом энергиясы агенттігінің мәліметінше, болашақ станция Нововоронеж АЭС-інің үлгісімен салынады. Макетте осы станцияның № 6 энергоблогы көрсетілген. Бұл әлемдегі 3+ буынның алғашқы энергоблогы.

Еске салаайық, Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын салу жөніндегі халықаралық консорциумның жетекшісі ретінде ресейлік “Росатом” таңдалған.

Сәйкес жаңалықтар

«Лайықты өмір керек»: Дана Нұржігіт актрисаның жағдайына назар аударды

bairakkz

Ақтауда есірткі жарнамалап жүргендер қолға түсті

bairakkz

Тау көтерген толағайлар: Отандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

bairakkz