Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды bairak.kz.

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді!

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Фото: ҚФФ

Сәйкес жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

bairakkz

Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды

bairakkz

Жазира Байырбекова: «Баян 45-тен асқан келіншектердің үмітін оятты»

bairakkz