«Қазгидромет» синоптиктері 4–6 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны мен оған ілескен атмосфералық фронттар өтеді. Соның әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік және орталық өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.
Суық ауа массаларының келуіне байланысты соңғы күндері сақталған аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы төмендейді.
Солтүстік облыстарда күндізгі ауа температурасы +22…+27 градус аралығында болады.
Шығыс Қазақстанда да айтарлықтай салқындайды. Егер бұған дейін сынап бағаны +33…+38 градусқа дейін көтерілсе, алдағы күндері күндіз +27…+32 градус шамасында болады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын сақтап, әсіресе найзағай мен қатты жел кезінде қауіпсіздік талаптарын ескеруге кеңес береді.
