Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлеумет

Қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды

Қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды.

Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда әлдеқайда күшті. Олар екі миллионға дейін иісті ажырата алады. Бұл ерекшеліктер төрт аяқты көмекшілерді қызметтік-іздестіру жұмыстарында, яғни жоғалған адамдарды, есірткілер мен жарылғыш заттарды іздеуге қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ішкі істер жүйесінде жүздеген ит қызмет етеді. Олардың едәуір бөлігі есірткі заттарын анықтауға үйретілген. Айта кету керек, ит есірткі заттарын ғана емес, оларды қолданушыларды да анықтай алады. 10 айда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды. 1200-ге жуық тексеру іс-шаралары өткізілді.

Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 кг синтетика тәркіленді. Мұндай тексерулер әуежайларда, вокзалдарда және жолаушылар пойыздарында, сондай-ақ “Қазпошта” бөлімшелерінде тұрақты түрде жүргізіледі.

Сәйкес жаңалықтар

1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясы бағасы өзгереді

bairakkz

Конституцияның 30 жылдығына орай Шымкентте түрлі форматта іс-шаралар өтеді

bairakkz

Қырғызстанда Көлбаев тобына тиесілі қару-жарақ қоймасы табылды

bairakkz