Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Күзетші ұрысып тастады»: Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

Қазақстандық танымал әнші елордадағы сауда орталықтарының бірінде оқырмандарымен суретке түсімен деп келеңсіз жайға тап болған, деп хабарлайды bairak.

Күзетшінің әрекеті өнер иесінің ашуына тиген.

«Хан Шатырдан» атып шықтық. Мені танып, менімен фотоға түскісі келген халық көп болды. Олармен әңгімелесіп, алтын сататынымды айтып тұрсам, күзетші келді. «Бұл жерде фотоға түсуге және түсіруге болмайды. Әкімшіліктен рұқсат қағазыңыз болуы керек» деді. Мен тыңдармандарыммен фотоға түсу үшін рұқсат қағаз алып жүруім керек екен. Бұл қайдан шыққан заң?! Ол жерде командамен клип түсіріп жатсам, талап етуге болады. Мен де түсінемін. Бір-екі минутта халық мені қоршап алды. Мен олармен фотоға түстім. Одан кейін алтын сататын бизнесімді таныстырдым. Арасында парақшасын білетіндерге рақмет ретінде тәтті ұсындым. Міне, бас аяғы бір-екі минут ғана аялдадым. Екі ортада күзетші келіп, салғыласып ұрысып тастады. Қатты ашуланып қалдым, — деді әнші.

Сәйкес жаңалықтар

«Бұдан қорқудың қажеті жоқ». Тоқаев Шымкент әкіміне тапсырма берді

bairakkz

Келесі жылы зейнетақы және жәрдемақы қаншаға өседі?

bairakkz

Отбасыммен сайлауға бардым

bairakkz