Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Ақтауда 5 жігіт зорлаған қыздың өлімі: оның атына рәсімделген несиені кім төлейді?

Ақтауда қаза тапқан Алина Серікованың ағасы 5 ер адамның мәжбүрлеп алдырған несиесін кім төлейтінін айтты, деп хабарлайды bairak.kz.

Алина Серікованы 5 ер адам зорлап, атына 2 млн теңге несие рәсімдеп, үйіне тастап кеткен. Алина болған жағдайлардан кейін өзіне қол жұмсады. Марқұмның ағасы Бауыржан Жолжан оның атынан 2 миллион теңгеге сауда несиесі рәсімделгенін айтты.

“Олар оны тек осыдан кейін ғана жіберетінін айтқан, оның басқа амалы қалмаған. Несие берілген кезде жауыздар базарға келіп, оны таныс сатушы арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Мен қарындасымның қайтыс болғаны туралы куәлікті алған кезде банкке барып, оның есепшотын жабу үшін және алынған несиеге айыппұл қосылмас үшін куәліктің көшірмесін апардым», — деді Бауыржан Жолжан.

Ер адамның айтуынша, сот апелляциялық шағымды қарап, сотталушыларды үкімді өзгерткеннен кейін оларға материалдық және моральдық шығынды өтеуге, сондай-ақ несиені жабу үшін сол екі миллион теңгені төлеуге міндеттеген.

«Олардың отбасы төлейді деп ойлаймын, біз сот шешімі бойынша материалдық және моральдық шығынды ала салысымен мен әпкеме есепшот ашып, сенімді адам ретінде бұл несиені жабамын», — деді марқұмның ағасы.

Еске салайық, Алина Серікованың өліміне скбепкер болған басты фигурант өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.

Фото: ашық дереккөз

Сәйкес жаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі: Күдіктілердің туыстары шу шығарды

bairakkz

Тектінің тұяғы

Ришат

Алматыда жанармай бекетіне 3 млн теңгеге айыппұл салынды

bairakkz